aspan

ТҰРҒЫН АНАСЫН АУРУХАНАҒА ЖЕДЕЛ ЖЕТКІЗГЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

 Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының атына қызметкер Бахтияр Рахметбаевқа алғыс білдірген хат келіп түскен.Тараз қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкері таңғы сағат 05:40-та аумақты патрульдеу кезінде қарсы бағытта келе жатқан көліктің жарығын тоқтамастан жағып-өшіргенін байқайды.

Полицей патрульдік көлікті көрген соң жүргізушінің осылайша көмек сұрап жатқанын түсінеді. Көліктің терезесін ашқан кезде жүргізуші тек екі-ақ ауыз сөз айтып үлгерген.Қызметкер ойланбастан жарық, сигналдарын қосып, көлікті ауруханаға жеткізген.

 Кейін белгілі болғандай, көлікте Байғұлов Ілияс есімді жүргізушінің анасы отырған. Ол ауыр жағдайда болып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізуді қажет еткен. Ұлы жедел жәрдемді күтпей, жеке көлігімен Тараз қаласына шыққан, бірақ аурухананың қай жерде орналасқанын білмеген.Ауруханаға келген соң дәрігерлер шұғыл түрде жүрекке ота жасаған.Полиция қызметкерінің жедел әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі мен денсаулығына қазіргі уақытта еш қауіп төнбеген

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXIV СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салынуы мүмкін

Телеарна ХанТВ

БИЫЛ ТҰРАН АУДАНЫНДА 59 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

Телеарна ХанТВ