aspan

Шымкентте аудандық прокуратура ғимараты ашылды

Бүгін Шымкент қаласында күрделі жөндеуден кейін Әл-Фараби ауданының прокуратурасы ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Қойгелдиев Ғалымжан қатысты.
​Көптен күткен бұл оқиғамен ұжымды құттықтай отырып, ол прокуратура қызметкерлеріне жасалған жағдайлар азаматтардың игілігіне аянбай еңбек ету үшін арналған мемлекет пен қоғамның сенімінің несиесі екенін атап өтті. Әрбір қызметкер еңбек тәртібін қатаң сақтай отырып, міндеттерді адал және мұқият орындау қажеттілігін анық түсінуі кажет.
Қалада 5-ші ауданның құрылуына байланысты ғимарат прокуратураның есебіне берілді.
Ғимаратта 47 қызметтік бөлмелер, мәжіліс залы және жауап алу бөлмелері және т.б. бар.
Ғимараттың материалдық-техникалық жабдықтары халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын заманауи талаптар мен стандарттарға толығымен сәйкес келеді.
Қала прокуроры Ғабит Мұқанов аудандық прокуратура қызметкерлерін құттықтап, ғимаратта азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Шымкент қаласының прокуратурасы

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 40 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАЛҒАН ТЕРРОРИЗМ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Телеарна ХанТВ

БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕГІ ҮШІНШІ ӘУЕ АПАТЫ: АМЕРИКАНДЫҚТАР ҚАЗАҒА ҰШЫРАДЫ

Телеарна ХанТВ