9.3 C
Shymkent
21 февраля, 2026
aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды. 21 қараша күні кешкі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының көпқабатты үйлерінің бірінде төтенше жағдай орын алды. Қалалық жедел басқару орталығының кезекшісіне үйден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Дереу жақын маңдағы автопатрульдер мен жаяу жасақтар оқиға орнына бағытталды.

Өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтаумен айналысып жатқанда, полицейлер үйлерді аралап, әр пәтерді тексеріп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару шараларын жалғастырды. Сонымен бірге, оқиға орнында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін патрульдік полиция күштері жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі батыл әрекеттерінің арқасында 20-дан астам адам құтқарылды. Бұл оқиға Көкшетау полициясы мен өрт сөндіру бөлімінің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін айқын көрсетті. Қызметкерлердің жедел шешім қабылдауы мен ерен еңбегі көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«КҮМІС КӨМЕЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР  «ҚОСҚОРҒАН» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН АЙМАҚТЫҢ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

«АБАЙ» ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ