33.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында заманауи спорттық-сауықтыру кешені ашылды.  Нысанның ашылу салтанатына аймақ басшысы Дархан Сатыбалды қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Жобаның ауданы – 1,5  гектар болса, құрылыстың ауданы – 2488,59 шаршы метр. Нысанның құрылысын «Қаратау ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Заманауи спорттық-сауықтыру кешенінде грек-рим күресі, еркін күрес, самбо, дзюдо және бокспен шұғылдануға жағдай жасалған. Сонымен қатар баскетбол, волейбол, гандбол секілді командалық спорт түрлерімен де айналысуға болады.  Залға 210 көрермен сияды.
Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары спорт кешенінің салынғанына ризашылықтарын білдіріп, өңір басшысымен еркін пікір алмасты. Ұсыныстар айтылып, аймақты дамыту жолдары сөз болды. Аталған спорт кешенінде Қажымұқан атындағы №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасады. Бұл спорт мектебінде 1000

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫ: ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

Телеарна ХанТВ

ХҚКО операторларына жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті