35.3 C
Shymkent
15 июля, 2025
aspan

 ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТЕМІРЛАНДАҒЫ ЭТНОАУЫЛ МЕН «ШӘМШІ» АЛЛЕЯСЫН АРАЛАП, ЕЛ АҒАЛАРЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапарында Қажымұқан ауыл округі, Темірлан ауылындағы этноауылды аралап, абаттандыру жұмыстарын көрді. Аудан ақсақалдарымен жүздесіп, ел бірлігін сақтау, аймақты дамыту жөнінде пікір алмасты. Сонымен бірге жергілікті кәсіпорындар өндірген өнімдер көрмесін тамашалап, кәсіпкерлермен кездесті. Аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына жобаларға қолдау көрсетуді тапсырды.

Этноауылда қазақтың салт-дәстүрі мен болмысынан сыр шертетін мүсіндер, киіз үйлер орнатылған. Бұл демалыс орнының құрылысы биылғы тамыз айында басталып, қазан айында аяқталған. Бас мердігер — «M-Build-01» ЖШС. Жалпы аумағы 0,41 га. Өңір басшысына Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ашылған «Шәмші» аллеясы таныстырылды. Таяуда атқарылған абаттандыру жұмысы туралы баяндалды. Биыл шілде айында басталып, қазан айында аяқталған нысанның құрылыс жұмыстарын «Armada stroy 2020» ЖШС жүргізген. Арыс өзенінің жағасында орналасқан аллеяда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар, субұрқақ орнатылып, көпжылдық ағаштар мен гүлдер отырғызылған. Айта кетейік, биыл Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай бірқатар нысан ел игілігіне берілген. Шымкент мегаполисі мен Түркістанның ортасында орналған аймақ қарқынды дамып келеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

«АУҒАН ТАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ»

Телеарна ХанТВ