aspan

«ЗАҢ СІЗ БЕН БІЗГЕ ОРТАҚ»

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы”, Полиция департаменті және Қалалық прокуратурасының бірлесе ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң сіз бен бізге ортақ» тақырыпбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының тапсырмасымен ұйымдастырылған шараға мегаполис студенттері қатысты. Жиын барысында қалалық прокуратура қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері, жастар арасында қылмыстардың санын азайту сонымен қатар есірткіге қарсы күрес шараларын нығайту бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді. Салаға жауаптылар аталған жиынға қатысушыларға бірқатар профилактикалық іс-шараларды баяндады.

Елімізде есірткіге қарсы күрес жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Қоғам дертіне айналған бұл мәселеге Шымкент қаласының салаға жауапты мамандары бей-жай қарай алмайтындығын жеткізді. Жастар арасында белең алған нашақорлықпен күрес жұмыстары күннен-күнге күшейтіліп келеді.

Кездесу барысында жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамда таралған лудомания мәселелері, интернет алаяқтық түрлері мен оның алдын алу, нашақорлықпен күрес және құқықбұзушылық тақырыптары жан-жақты талқыланды. Спикерлер жастармен ашық диалог жүргізіп, өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының арнайы әзірленген бейнероликтерін тамашалады. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

Айта кетейік, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жиі өткізіледі деп жоспарланып отыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ

1 АЙДА  ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ САНЫ 3,1%-ҒА, ҚЫЛМЫС САНЫ 8,8%-ҒА АЗАЙҒАН

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ БИІ МЕН ДӘСТҮРЛІ ӘНІ ШЫМКЕНТ САХНАСЫНДА ТОҒЫСТЫ

Телеарна ХанТВ