16.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫ ТАЗАЛАУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізілуде. Келесі жылы да облыс көлемінде тазалық, абаттандыру жұмыстары жалғасып, жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түседі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде осы саладағы мәселелер талқыланды. Маңызды жиында өңір басшысы тазалық пен абаттандыру шараларын тек сенбілікпен шектемей, осы бағыттағы жұмыстарды ширата түсуді тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» акциясы аясында бекітілген кестеге сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жыл соңына дейін бекітілген кестеге сәйкес, 807 тазалық шарасын өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда аудан, қалаларда жалпы 732 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ келесі жылға бағдарлама аясында барлық мемлекеттік және жеке секторды қамтитын ауқымды іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара тек сенбілікпен шектелмей, бағдарламаны жаңа үлгіде өткізу бойынша Жол картасы әзірленуде.Телеграмм бот платформасында бүгінгі таңда, 546 өтінім түскен. Оның ішінде: 529 өтінім орындалған, 1 өтінім орындалу барысында, 16 өтінім мағынасыз болғандықтан қайтарылды.Облыс әкімінің тапсырмасымен Түркістан қаласындағы индустриалды аймақты секторларға бөліп, ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 60 гектардан астам аумақ ретке келтірілді. Сондай-ақ бұл аймақта сенбі күні бекітілген басқармалар бірлесіп, жүмыс істеді. 880 ағаш отырғызылды және 2 шақырым жол бойы тазаланып, 1 шақырымнан астам жол жиегі әктелді. Бұл сенбілікке 9 басқарма немесе 315 мемлекеттік қызметшілер атсалысты

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

12 БАНКА ТӘТТІ: ПОЛИЦИЯ СУПЕРМАРКЕТТЕН ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

Абай университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды 2025 жылғы 20 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Телеарна ХанТВ

Қазақстан – өңірдегі инвестиция тарту бойынша көшбасшы

Телеарна ХанТВ