26.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ-ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Мұхтар Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде  ішкі саясат және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы профилактикалық жұмыстар» тақырыбында арнайы кездесу өтті.Жиын барысында құқықбұзушылыққа байланысты күрделі мәселелер талқыланды.

Шара мақсаты-қазіргі жастардың құқықтық сауаттылығын көтеру.Қалада орын алып жатқан жастар арасындағы  ауыр қылмыстар мен құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Қайсар Тілеубердіұлының сөзінше құқықбушылық жасағандар саны көбеймесе , азаймай отыр.Рейд шаралары кезінде 11 айда 4 800  кәмелетке толмаған жастар арасында құқықбұзушылық анықталған.Оның 588-ге жуығы кәмелетке толмаған жастарды бейімдеу орталығына жеткізілген.

Қазіргі кезде жастар арасындағы қылмыс түрлері өзгеруде. Дәлірек айтсақ 2 ауыр қылмыс түрі көбейген.Біріншісі  есірткі тасымалдау болса,екіншісі алаяқтық қылмыс.Сондай-ақ түрлі сайттарға кіріп,алданып қалып жатқан жастардың саны көп.Сол себепті мамандар әлеуметтік желілердегі жұмыстарға мұқият қарау керегін ескертті.

Статистикаға сүйенсек бүгінде Шымкент қаласында 14-35 жас аралығында 387.831 жас бар.Осы жастар арасында аңдамай алаяқтық жолға түскендер саны да аз емес.Оңай жолмен ақша табамын деп,ұзақ мерзімде бас бостандығынан айырылу қаупі жоғары.Ал жастар ресурстық орталығымен заң саласының қызметкерлері осындай құқықбұзушылықтың алдын алу профилактикалық шаралары арқылы жастарды қауіп-қатерсіз,салауатты өмір салтына шақырады.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ 1 ТӘУЛІКТЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ 200 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАДЫ

Телеарна ХанТВ

22 ҚАҢТАР ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ БІР ТОП АЗАМАТТЫ ТАПТАП ӨТТІ: 35 АДАМ ОПАТ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ