Шымкентте дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алқа» отырысы өтті.Басқарма басшылары 2024 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.Аталған жиынға қаладағы спорт мектептердің жаттықтырушылары мен білім мекемелерінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.
Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Бұл ұйымдарда спорттың 74 түрі қамтылған. 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері.Сондай-ақ, 18 490 спортшымен штаттағы 912 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Сәменбекұлы Шымкент қаласының 2021 — 2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар тізбесінде спорт саласының 4 көрсеткіші бекітілгенін атап өтті.
Бүгінгі таңда қала спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысқан. 2 144 жүлделі орындар алып, медальдарға ие болған. 2024 жылғы 10 айдың қорытындысы бойыша 2-і ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 83 ҚР спорт шебері, 614 спорт шеберлігіне үміткер спортшылар дайындалған.
Айта кетсек шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы қатысып, Біліктілікті арттыру курстарына басқарма тарапынан қаражат бөліп қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде өткізіліп жатқан спорт додаларында Қазақстан құрамасында Шымкенттік спортшылар едуір жетістіктерге жетіп келеді. Десекте әлі де жетістікке жету үшін тынымсыз еңбек пен тыңғылықты дайындықты қажет ететін бұл саланы, барынша дамытуымыз қажет деді қала әкімінің орынбасары.
Алдағы уақытта байрақты бәсекелерде Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапында Шымкенттен ересектер құрамасында 423, жастар құрамасында 461, жасөспірімдер құрамасында 400, жалпы 1 284 спортшы ел намысын қорғайды деп күтілуде.