25.3 C
Shymkent
10 апреля, 2025
aspan

ПОЛИЦИЯ МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАНЫ КҮШЕЙТТІ

Қараусыз жүрген мал ұрыға олжа болуы әбден мүмкін. Полиция үй жануарларының жайылымдарда жоғалып кететінін ескеріп, ауыл тұрғындарының малға күзетті күшейтуін ескертеді.  Тұрғындар өз малының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауын тоқтатпайынша, құқық қорғау органдарының мал ұрлаушылармен күресі оң нәтижесін беруі екіталай.

Төрт түліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасын, мал ұрлығын болдырмаудың басты қауіпсіздігі – оларды қараусыз, бос жібермеу екенін алға тартады. Сондықтан төрт түлігіңізді көшеде қараусыз қалдырмаңыз!Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Сауран» шеп-бекетінде мал тасымалдап жүрген көлік жүргізушілерін тексерді.Рейд барысында  жүргізушілерге құжатсыз мал тасымалдауға болмайтынын қатаң ескертті. Айта кетейік, үй жануарларын қараусыз қалдырып, құжаттандырмасаңыздар оған заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 

Related posts

ТАРАЗДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ ЕРЕЖЕЛЕРІН ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІ ӘЙЕЛДІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ

Телеарна ХанТВ

«Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында қоғамдық дәріс өтті

Телеарна ХанТВ

Шымкенттік нейрохирургтар ми тамырының аневризмасынан әйелдің өмірін сақтап қалды

Телеарна ХанТВ