12.3 C
Shymkent
21 февраля, 2026
aspan

100 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түркістан облысы орталығында 100 түп ағаш отырғызылды. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, зиялы қауым өкілдері, депутаттар, Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігі, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық сала өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Олар орталық мешіт ауласына, «Керуен сарай» маңындағы «Арена» алды мен туризим университетінің жанына сәндік ағаштар, бозарша, қарағаш, шаған, үйеңкі, сынды ағаш түрлерін екті.

Игі бастамаға қолдау білдірген облыс әкімі Дархан Сатыбалды көппен бірге ағаш көшеттерін егіп, ағаш отырғызу – экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадам екенін атап өтті. Әрбір тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл желекпен көмкеруге үлес қосу керектігін жеткізді.

Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Жоспар аясында бүгінгі күнге дейін 2 миллионға жуық көшет егілді. Оның ішінде, Түркістанды көгалдандыруда жүйелі жұмыстар атқарылуда.Биылғы жылдың соңына дейін облыс бойынша 500 мыңнан аса көшет егіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс жүріп жатыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 АЙДА БІРҚАТАР ҚЫЛМЫС АЗАЙҒАН

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ШЫМ ҚАЛА КЕШІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ЕНДІ КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?

Телеарна ХанТВ