25.4 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

«ӨМІР СЫЙЛА, ДОНОР БОЛ!»

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен «Өмір сыйла, донор бол!» тақырыбында қан тапсыру акциясы өтті.Аталған шараның мақсаты жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін түсіндіру болды.

Қазіргі таңда қан тапсыру орталығына күніне 100-ден аса адам келіп қан тапсырады.Жылына 30 мың ерікті азамат пен азаматшалар донор болу арқылы өзге жанға үміт сыйлауда.Сол себепті зертхана орталығы  42 мекемені қан мен қамтамасыз етіп отыр.

22 жастағы жас ерікті Мөлдір Базарбаева «Мен донормын» акциясы аясында екінші рет қан тапсыруға келген. Бұл оның адам өміріне өз үлесін қосуға деген шынайы ниетін көрсетеді. Ерікті түрде қан тапсыру – үлкен жақсылықтың бір түрі, -дейді.

Акцияға ерікті жастар, жас спортшылар мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Жалпы саны 50-ден астам жас толық тексеруден өтіп, донор болуға мүмкіндік алды.Ал бұл игі шара алдағы уақытта жалғасын табады.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН КҮРЕСЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ЖОҚ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДОНАЛЬД ТРАМПҚА КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ