28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ»: БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ ҚОСА БЕРІЛЕДІ

Шымкентте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие жүйесіндегі педагогтың рөлі» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өтті. Қала мектептерінен жиналған ұстаздар және білім бөлімінің мамандары біртұтас тәрбие мен оның маңызы жайлы баяндамалар жасап, көпшілікпен талқылады.

Тұлғалық тәрбие берудегі педагогтың рөлі өте зор. «Баланы тек мектеп немесе мұғалім тәрбиелеу керек деген жаңсақ пікір» деген өз ойларын айтқан мұғалімдер мектепте жүргізілетін тәрбиеге байланысты іс-әрекеттерімен бөлісті.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады.

Айта кету керек, аймақтық семинар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, педагогтер арасында білім мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БРУЦЕЛЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ЖОЛДАРЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ СЕРПІН ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ

Телеарна ХанТВ

ЖҰҚПАЛЫ АУРУДАН 79 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Телеарна ХанТВ