aspan

БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 500-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар салып, пайдалануға тапсырудан республикада көш бастап келеді. Әрбір аудан, қаланың елді мекендерінің жай-күйі сарапталып, тиісті құрылыс жұмыстары қарқынды әрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Аталған саладағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде тағы да сарапталды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды биылға жоспарланған құрылыс нысандарын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің айтуынша, Құрылыс басқармасы мен аудан, қала әкімдіктерінің тапсырысымен қолға алынған бюджеттік инвестициялық жобалар саны – 485. Оның 22-сі пайдалануға берілген. Қаржысы толық шешілген жағдайда жыл соңына дейін тағы 396 нысан құрылыс аяқталса, 67-сі 2025 жылға өтпелі. Өңірде 21 білім нысанының құрылысы қолға алынып, оның 4-еуі тапсырылған. Жыл соңына дейін 10 білім нысаны тапсырылады, 7-еуі келесі жылға өтпелі.

Денсаулық сақтау нысанында 94 нысанның құрылысы жоспарланса, оның 3-еуі тапсырылған, жыл соңына дейін тағы 90-нын тапсыру көзделген. Бұл ретте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 жоба жүзеге асуда. Облыста 3 әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталса, жыл соңына дейін үшеуі ел игілігіне берілмек. Сонымен бірге құрылысы жүріп жатқан 12 мәдениет нысанының 4-еуі биыл ашылса, 23 спорт нысанының 3-еуі берілген. Жыл соңына дейін 10 спорт нысаны беріледі.Тұрғын үй, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары да қарқынды. Аймақта 221 үй, 2469 пәтердің құрылысы жүріп жатыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Абай университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды 2025 жылғы 20 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Телеарна ХанТВ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚ ТҮСІНБЕЙТІН ТҰСТАРЫ КӨП

Телеарна ХанТВ