33.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
Спорт

ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Шымкентте 12 жасқа дейінгі балалар арасында теннистен республикалық турнир өтті. Қазақстан кубогіне арналған сайысқа еліміздің бірнеше аймағынан келген 100-ге жуық ойыншылар қатысты.

Шаһардағы теннис орталығында 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы республикалық теннис турнирі өтті. Жарысқа еліміздің әр түкпірінен 100 қатысушы келіп, өзара шын мықтыны анықтады. Жарысқа қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар плэй-офф форматында жарысты жалғастырды.

Жас жеткіншектерді қамтыған сайыс 7 күнге созылады. Жарыс нәтижесі бойынша жеңіске жеткен теннисшілер федерацияның арнайы жүлде қорларымен марапатталып, алдағы уақытта болатын сайыстарға жүлдеме алады.

Ұйымдастырушылар аталған республикалық турнир жыл сайын еліміздің ірі мегаполистерінде жыл сайын өтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ алдағы уақытта 14 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында да Қазақстан кубогіне арналған сайыс өтеді. Оған еліміздің бірнеше спортшылары қатысып өзара бақ сынасады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАННЫҢ «ТҰРАН» ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

admin

Тоқаев Головкинді Ақордада қабылдады

admin

ШЫРАЙЛЫ ҚАЛАМЫЗДА ДЭВИС КУБОГІ МЕН БИЛЛИ ДЖИН КИНГ КУБОГІНЕ АРНАЛҒАН АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ