34.3 C
Shymkent
4 июля, 2025
қылмыс

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҮНГІ КЛУБТА БОЛҒАН ҰРЛЫҚТЫҢ БЕТІН АШТЫ

Астана полицейлері түнгі клубта болған ұрлықтың бетін ашты. Елорда полициясына қаланың 20 жастағы тұрғыны сөмкесі ұрланды деген арызбен жүгінді. Жас қыз түнгі мекемеде демалу кезінде әйелмен танысып, онымен бірге алкогольдік сусындар ішкенін айтты.

Қолайлы сәтті пайдаланып, сөмкені ұрлаған қаскүнем белгісіз бағытқа кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы ПБ қылмыстық полиция қызметкерлері 20 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол еркін қол жеткізу арқылы ішінде алтын кулон және ақшасы бар Polo сөмкесін жасырын ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын мөлшері – 70 мың теңге. Аталған факті бойынша қылмыстқ іс қозғалды. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды мұқият болуға және құнды заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МАРИХУАНА ШЕГІП, КӨЛІК ТІЗГІНДЕП, БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНА ТҮСІП ҚАЛҒАН

2,5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ВЕЛОСИПЕДТЕРІН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

ЗАДАЧИ ПРОКУРАТУРЫ – ЗАКОН И ПОРЯДОК

Телеарна ХанТВ