aspan

ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМДАР НАСИХАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы креативті индустрия ассоциациясымен бірлескен арнайы жәрмеңке өтті. Аталған шараға мегаполис кәсіпкерлері қатысып қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал етуге бағытталған сала екенін атап өткен еді. Аталған бағыт бойынша елімізде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі Шымкент қаласында да ұйымдастырылды. Мәселен жәрмеңкеге қатысушылар арасында Гүлнұр Сейітханқызы да бар. Ол қыш-құмыра бұйымдарын жасаумен айналысып жүргеніне 10 жылға жуық уақыт болғанын айтады. Сондай-ақ, ұлттық құндылығымызды дәріптеуде бұл саланың маңызы зор екенін атап өтті.

Республика бойынша халық саны көп шоғырланған Шымкент қаласында креативті индустрияны дамытуға ерекше ден қойылған. Қалалық креативті индустрия ассосациясы  2022 жылдан бері кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс жасап, бірқатар маңызды жобаларды іске асырып келеді. Соның бірі Арбат демалыс саябағында өтті. Жәрмеңке барысында шаһар кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынып, қала тұрғындарына ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын бұйымдарды таныстырып өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Телеарна ХанТВ

ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басшысын «Самұрық-Қазынадағы» сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады

Han TV

ПОЛИЦИЯ 24 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ