2.3 C
Shymkent
27 января, 2026
aspan

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ШЫМ ҚАЛА КЕШІ ӨТТІ

Демалыс күндері мегаполис тұрғындары қала өнерпаздарының шығармашылығын тамашалау үшін Шымсити саябағына жиналды. Мерекелік кеште шаһардың мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелер кестеге сәйкес өнер көрсетті.

Open air форматындағы Шым қала кештері бұл тек концерт емес, көрерменге ұмытылмас әсер қалдыруға және шабыттандыруға арналған өнер кеші. Бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған концерттік іс-шараға қала тұрғындары лық толы қатысқан еді. Бұл жолы да тамашалауға келген көрерменнің қарасы көп.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Ундасинованың айтуынша мұндай кештерге халықтың сұранысы жоғары. Себебі таза ауадағы мәдени бағдарлама, сазды әуен, цирк өнерпаздарының қойылымдары қала жастары мен ересектерінің де көңілін баурап алған.Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ концерттік бағдарлама соңында шымшаһар тұрғындары ұйымдастырушыларға өтініштері мен ұсыныстарын жеткізеді. Салаға жауаптылар тұрғындардың өтініштерін ескере отырып бірқатар іс-шараларды ұйымдастырып отырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында алғаш рет қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізіле бастады

Телеарна ХанТВ

Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

Телеарна ХанТВ

Жұмыстан босатылған шенеуніктер мен судьяларға тағы бір мүмкіндік беріледі

admin