25.3 C
Shymkent
18 июля, 2025
Ақпарат Түркістан

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕР АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Түркістанда полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамның өмірін сақтап қалды. Түркістан қалалық полиция басқармасының “102” тетігіне таңғы сағат 06:30 шамасында С.Ерубаев даңғылының бойында белгісіз ер адамның әйнекпен өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, істің мән-жайын анықтауға тырысты. Оқиға орнына жеткен полицейлер қолында тасы мен әйнекке мойнын тосып, жақындаса өзіне қол салатынын айтып қорқытқан ер адамды көріп, райынан қайтару үшін оны әңгіме тартты. Яғни оны қауіпті қадам жасамауға үгіттеп, көндіре бастады. Алайда өзін жөнсіз ұстаған ер адам ашуға булығып, қарсыласа бастады. Осы сәтте полицейлер ер адамды сөзге айналдырып тұрып, оған байқатпай, артқы жағынан келген екінші қызметкер жылдамдықпен ұстап қалды. Белгілі болғандай, 34 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын қатты мас болған және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады.  Қазіргі таңда полиция қызметкерлері мән-жайын анықтап жатыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛДЕ АЛАПАТ ТАСҚЫНМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ МЕЦЕНАТ 2 ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАП, 200 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ КӨЛДІҢ МАҢЫНДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

admin