Ақпарат Жаңалықтар

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НАУҚАН БАСТАЛДЫ

Елімізде 8 сәуірден бастап республикалық Таза Қазақстан атты  экологиялық науқан басталды. Осы орайда Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері  жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» Комуналдық Мемлекеттік Мекемесінің ұйымдастыруымен «Киелі мекен» науқаны аясында Абай саябағында орналасқан  Абай Құнанбайұлының ескерткішін тазалау жұмыстарын жүргізді.

 Қаланы  таза ұстап жөнге келтіру үшін қалада 1 айлық тазалық науқаны басталды. «Шырайлы Шымкентім мәңгі жайнаған» шарасы аясында науқанға қала тұрғындары мен еріктілер белсене қатыса алады.Науқанның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік,қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу дейді еріктілер.

Тазалау жұмыстарына Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен қаланың ерікті жастары қатысты.Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді қызмет етіп жүрген жанашыр азаматтарымыздың  қатары аз емес.8 сәуірден 8 мамырға дейін созылатын бұл науқан алдағы апталарда да өз жалғасын табады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жители Абайского района жалуются на последствия работы строительной компании «AULET»

Редактор HAN TV

Apple екі миллиард еуроға жуық айыппұл салды

admin

Қазақстанның сұлу боксшысы Тайландта жұлдызға айналды

admin