21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «HIVA GILAMLARI» кілем тоқу фабрикасына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуа қаласына жұмыс сапары барысында Президент Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан жеңіл өнеркәсібіндегі үлгілі кәсіпорындардың бірі саналатын «HIVA GILAMLARI» кілем тоқу фабрикасын аралап көрді. Іргесі 1977 жылы қаланған кәсіпорынға жаңа инвестор толықтай реконструкция жасаған. Мұнда жылына 4,2 миллион шаршы метр кілем тоқитын төрт цех жұмыс істейді. Мемлекет басшыларына акрилден иірілген жіп өндіру цехы, кілем тоқу цехтары және дайын кілем үлгілерінің шоу-румы көрсетілді. Кәсіпорын директоры Камол Абдуллаевтың айтуынша, фабрика кілемдері ішкі нарыққа сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне, ҚХР мен АҚШ-қа экспортқа шығарылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жезқазғанның жолдарын жөндеу: әкім асфальт орнына плиталардың пайда болуын түсіндірді

admin

Тоқаев ШЫҰ бас хатшысымен кездесті

admin

ТҮРКІСТАНДА «NAURIZ BIG FEST» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

admin