21.3 C
Shymkent
13 октября, 2025
Жаңалықтар Қоғам

АФМ Қазақстанға жүк көліктерін әкелудің қылмыстық схемасын анықтады

Қылмыстық топ Қазақстанға 45 жүк көлігін заңсыз әкелді, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

АФМ хабарлағандай, жүк көліктерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Алматы облысы бойынша АФМ департаменті аяқтады.

«ҚФМ бастамасы бойынша ауқымды тексеру шеңберінде басталған тергеуде қылмыстық топ Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған 45 жүк автомобилі мен тіркемелерді заңсыз әкелгені анықталды, бұл мемлекетке 180 миллион теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 миллион теңге сомасына тіркеу алымы түрінде залал келтірді» — делінген хабарламада.

Тергеу материалдары сотқа жіберілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Уайымдамаңыз, мен де универден шығарылғанмын»: диспетчер жасөспірімді суицидтен құтқарды

admin

Токаев принял генерального прокурора

admin

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

Телеарна ХанТВ