Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам

Түркия Израильді жаңа «адамзатқа қарсы қылмыс» деп айыптады

Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр және Иордания Израиль әскерилерінің гуманитарлық жүк тиелген конвойдан кейін палестиналықтарды атқылауын айыптады, Газа секторы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 100-ден астам адам қаза тауып, кемінде 700-дей адам жараланған, — деп хабарлайды Aspan.imfo тілшісі. Euronews сайтына сілтеме жасап.

Қанды оқиға 29 ақпанда болған. Израиль өз әскерлерінің халықтан қауіп төнгенін сезінген соң оқ жаудырғанын және адамдардың көпшілігі хаос пен төбелестен қаза тапқанын айтады. Сарбаздар конвойға шабуылдың алдын алғылары келгенін айтады.

Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің шабуылын «адамзатқа қарсы тағы бір қылмыс» деп атады. БҰҰ, сондай-ақ Франция, Италия және Германия шабуылды тәуелсіз тергеуге шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш оқиғаны айыптап, қаза тапқандардың «өмірді құтқару үшін көмек сұрап жатқанын» атап өтті. Гутерриш гуманитарлық ұйымдардың бір аптадан астам уақыт бойы анклавтың солтүстігіне жете алмай жатқанын айтты.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің 2 наурыз күнгі мәліметі бойынша 2023 жылдың 7 қазанынан бері блокададағы Палестина анлавында Израильдің жалғасып келе жатқан шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 30 320-ға жетті, жалпы жараланғандар саны 71 533-ке жетті.

Related posts

«Олар өз орындарын бермей, түкіріп, балағаттайды» — деп Алматы әкіміне қалалықтардың мәдениетіне шағымданды.

admin

Қанша қазақстандық армиядан «қашып» жүр?

admin

Шымкенттік құтқарушылар Ақмола облысына көмекке барды

Телеарна ХанТВ