29.3 C
Shymkent
25 мая, 2025
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

«Тексерумен келемін»: Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған

Алаяқты жедел іс-шаралардың нәтижесінде қалалық ПД-нің киберполицейлері құрықтады. Ұсталған азамат Шу қаласының 27 жастағы тұрғыны.

Тергеу барысында анықталғаны, ол бұрын-соңды осы қонақ үйде бірнеше рет болып, меңгерушінің жеке нөмірін біліп алған. Кейін, оған хабарласып, өзін өрт сөндіру қызметкері ретінде таныстырады. Қаскөй хостел ғимараты қауіпсіздік талаптарына толық сай келмейтінін және тиісті сертификаттың мерзімін 58 мың теңгеге ұзарта алатынын жеткізген. Сенгіш азамат бірден қажет соманы айтылған шотқа аударған.

Уақыт өте, алаяқтың арбауына түскенін білген жәбірленуші полицияға жайт туралы хабарлаған.

Қазіргі таңда қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Құқыққорғаушылар ескертеді: егер сізге бейтаныс тұлға қоңырау шалып, түрлі мәселеңізді шешу үшін ақша талап етсе, әңгімені үзіп, ақпаратты тексеріңіз. Аса қырағы болып, жақындарыңыз бен таныстарыңызға алаяқтықтың түрлері туралы ақпарат беріңіз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыдағы Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді

admin

ТҮРКІСТАН: РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН КҮН

admin

Қазақстанда қолма-қол ақша қайтадан танымал болды

admin