3.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Премьер-Министр Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Премьер-Министр елдегі ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жоспарлары туралы баяндады. Сондай-ақ Премьер-Министр отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

«Қазақстандық қамту үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және квазимемлекеттік сектор үшін сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталды», — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келешегі бар салаларды қарқынды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты. Мемлекет басшысына заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның қызметі туралы да баяндалды.

«Мемлекет басшысы еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар тапсырмалар берді», — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.

 

Related posts

САЙРАМДЫҚТАР 6 МЫҢНАН АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

admin

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ БАР

Телеарна ХанТВ

Гаитиде қарақшылар 4 мың тұтқынды түрмеден босатты

admin