12.3 C
Shymkent
24 мая, 2025
Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ 800 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті, әрі ерекше айы Рамазан. Бүгін айлардың сұлтаны Рамазан айының басталғанына 11 күн. Осы ретте қасиетті айда  қаладағы  800 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді. Соның бірі қаламыздағы орталық мешітте қала әкімінің бастамасымен ұйымдастырылды. Толығырақ әріптесім тарқатып айтады.

Шараның басты мақсаты аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету. Нақты айтсақ, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, азық-түлікпен қамтамасыз ету. Көмек алғандардың бірі Айгүл Нұржанова. Ол бес баланың анасы. Биыл алғаш рет игі іс-шараның куәсы болып отырғанын айтады.

Рамазан қайырымдылық пен сауапты істердің айы. Имамдар бұл айда садақа беріп, қайырымдылық жасау сауапты амал екенін айтады.Осы ретте қаламыздың бас имамы барша мұсылман қауымын бір-бірімізге мейірімділік көрсетіп, ізгі амалдар жасаушылардан болуға шақырды.

Іс-шара барысында орталық мешітте 100-ге жуық қала тұрғынына  азық-түлік таратылды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше бұл бастама қаламыздың бірнеше мешіттерінде де өткізілуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: «САМАРА-ШЫМКЕНТ» АВТОЖОЛЫНДАҒЫ АҚАУЛАР ЖОЙЫЛЫП ЖАТЫР

admin

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ТҮЙЕ ЖӘНЕ ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

admin

«ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ» АТАУЫМЕН ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

admin