25.4 C
Shymkent
13 июля, 2026
Қоғам

«КӨКТЕМ БОЯУЛАРЫ» КӨРМЕСІ ӨТТІ

Көктем бояулары. Шымкентте дәл осындай атаумен суреттер көрмесі өтті.  Аталған іс-шарада қала тұрғындарына көктем бояуларын бейнелейтін суреттер мен Наурыз мерекесін, қазақтың салт —  дәстүрін және ұлттық құндылықтарын көрсететін дүниелер ұсынылды.Толығырақ әріптесім тарқатып айтады.

Экспозиция әйелдер шығармашылығының сан түрлі қырларын айқындайды. Мұндағы суреттер көктем, гүлдер, әйелдер бейнелерінен үйлесім тапқан, көбінесе ұлттық нақыштағы қазақи киіз үй, отбасы құндылықтары, бесік тербеткен әйел сондай-ақ қазақ қыздарының бейнесі, көктем шуақтарын айшықтайтын суреттер ілінген.

Әр суретшінің қоршаған әлемге деген өзіндік ерекше көзқарасымен, классикалық және заманауи әдістермен жасалған дүниелері ұсынылды.
Көрмеге келушілерге дәстүрлі және заманауи кескіндеме туындыларын, батниктерді, гобелендер мен киізден жасалған картиналарды көруге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, кітапхананың әрбір оқырманы мен келушілері, жалпы көрмені тамашалауға келген қала тұрғындарына экскурсия жасалып, мұндағы әрбір туындының тақырыбы мен мазмұны таныстырылды. Айта кетейік, көктем бояулары тақырыбындағы көпшілікке ұсынылған көрмеге 25 нәзік шығармашыл жандардың 64 жұмыстары  қойылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыдағы жер сілкінісінен кейінгі мореналық көлдердің жағдайы Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарланды.

admin

Илон Маск НАТО-ны таратуды жақтады

admin

«ҚазМұнайГаз» қазақстандық МӨЗ-дерді жекешелендіру туралы ақпаратты жоққа шығарды

admin