Қоғам

«ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ АУҚЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Құрылғанына екі айға жуық уақыт болған «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының алғашқы ауқымды қоғамдық қабылдауы өтті. Дәл осындай қабылдау бүгінде еліміздің бес өңірінде өтіп жатыр. Атап айтсақ Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларында. Қоғамдық қабылдауға кімдер қатысты? қандай мәселелер көтерілді? Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Қор бүгінге дейін бірнеше бағытта әлеуметтік мониторингтер жасаған. Солардың бірі «МӘМС жүйесі: проблемалар және оны шешу жолдары» атты Стратегиялық сараптамалар сессиясын өткізген. Қордың статистикасына сәйкес, қазір халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі төмен дейді және бұдан бөлек тұрғындар Учаскелік дәрігерлердің жетіспеушілігі,  Дәрігерлер біліктілігінің төмендігі сынды түрлі мәселелерді атап көрсеткен.

Қабылдауға  өз мәселесін айтып келгендердің бірі Сайдынгүл ханым. Ол Достық шағын ауданындағы аурухана мәселесімен келгенін баяндап, қарапайым тұрғындардың ем іздеп жан-жақта жүргенін айтады.

Алдағы уақытта басқосуларға коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік ахуал сынды түйткілдер саласындағы мамандарды шақыру жоспарда бар.  Айта кетейік таңғы сағат 10-нан бастап қоғамдық қабылдауды жергілікті белсенділердің өздері ашады. Түскі уақытта оларға заңгер маман қосылады. Белсенділер қала тұрғындарының мәселелерін шешу үшін олардың сауалдарын жергілікті атқарушы органдарға жолдайтын болады.

Related posts

1 миллион теңгеге дейінгі грант: Қазақстанда жұмыссыздардан өтінімдер қабылдау басталды

admin

ШЫМКЕНТ: ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ-ҚОҒАМ АЙНАСЫ

admin

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛДЫ

admin