Қоғам

ҚҰТЫРМА-ҚАУІПТІ ІНДЕТ

Шымкент қаласы бойынша жануарлардан жарақат алып медициналық көмекке жүгінгендер саны 1,8 пайызға өскен. Жалпы өткен жылы 3145 адам жануардан жарақат алса, оның 74,4 пайызы иттерден зардап шеккен. Ал, оның ішінде 14 жасқа дейін балалар үлесі 48,3 пайызды құрап отыр. Толығырақ алдағы бейнесюжетте

Құтырма-ақыры өлімге әпке соқтыратын қауіпті ауру. Бұралқы иттердің шабуылынан кейін жапа шеккендердің бірқатары ауыр дене жарақатын алады. Қайғылы оқиғалардың жиілеуіне төбеттеріне ие бола алмаған жандардың жауапсыздығы себеп болып отыр. Әсіресе, мұндай жайттар ит қожайындарының қауіпсіздік шараларын ескермеуінен туындайтыны жасырын емес.

Қаңғыбас иттерді атуға заңмен тыйым салынған. Жауапты сала мамандарының айтуынша, ауру иттер ғана атылады. Ал қалған үй жануарларына жыл сайын 1 рет вакцина егіледі.

Құтырмамен ауырған адам сауықпайды. Бірақ антирабиялық егулерді уақытында алу арқылы аурудың алдын алуға болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Олар өз орындарын бермей, түкіріп, балағаттайды» — деп Алматы әкіміне қалалықтардың мәдениетіне шағымданды.

admin

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал мерт болды

admin