18.3 C
Shymkent
19 мая, 2025
Әлем жаңалықтары

ҚЫТАЙ ЕЛІНДЕ ҚАРТ АДАМДАР САНЫ АРТҚАН

Қытай ұлты қартайып барады. Ресми статистикаға сәйкес халықтың 21 пайызының жасы 60-тан асып кеткен. Жалғыз басты қарттарға күтім жасау қоғамда күрделі мәселеге айналды. Маман тапшы. Жастар қарияларға қарауға құлықсыз. Бұл ел билігін алаңдатып отыр. Елдің демографиялық саясатында түбегейлі өзгерістер болуы мүмкін. Қытайда жылдан жылға кәрі адамдар саны артып барады.

Жалпы саны 1 млрд 409 млн-нан астам халық болса, соның 300 миллионға жуығының жасы 60-тан асқан. Бұл зейнетақы қорының сарқылуы, жұмыс істеуге қабілетті адам санының азаюы, бала туу көрсеткішінің төмендеуі сияқты күрделі демографиялық проблемаға алып келді. Мұның бәріне елдегі 1980 жылдары қабылданған «Бір отбасыға бір бала» саясатының тікелей кесірі тиген. Енді оған қарияларға күтім жасау мәселесі қосылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ДӘРІГЕРЛЕР НАРАЗЫЛЫҒЫ ӘЛІ ДЕ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

admin

ҰЛЫБРИТАНИЯЛЫҚ ТУРИСТ ЕСІРТКІ САТҚАН БА?

admin

ТРОПИКАЛЫҚ ЦИКЛОННАН 18 МЫҢ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ