Қыз-келіншектер үшін жағымды жаңалық! Шымшаһарда отандық сән үйі келушілерге өз есігін айқара ашты.Модесса киім дүкені заманауи жабдықта тігілген сапалы қазақстандық киімдерді ұсынады. Аталған сауда нүктесін құрудың басты мақсаты — отандық өнім шығарушыларды қолдау және қазақстандық тауарлардың нарықтағы үлесін арттыру. Толығырақ дүкеннің ашылу салтанатына қатысып қайтқан әріптесім баяндайды.
Модесса дүкені-заманауи үлгі мен сұраныстағы стилді тоғыстырған отандық киім дүкені.Кәсіпкерлердің айтуынша, қазақстандық өнімдердің сапасы шетелдікінен кем емес.Бәсекеге қабілетті әрі бағасы да қолжетімді.Мұнда сіз классикалық стильден бастап күнделікті киюге арналған киім үлгілерін де табасыз.Дүкен қаладағы «Наурыз парк» сауда орталығының 2-ші қабатында орналасқан.
Айта кету керек, киім дүкеніне келіп, 20 мың теңге көлемінде сауда жасасаңыз, шетелге жолдама ұтысына қатысуға болады.Тұрғындар мен ұйымдастырушылар отандық өнімді жұмыла қолдауға шақырды.